Өлім-жітімі көп ауру аталды
Өлім-жітімі көп ауру аталды
12 күн бұрын 252 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы жарты ғасырда, яғни, елу жылда жүрек ауруларынан болатын өлім-жітім 66%-ға азайған, соның ішінде кісі өлімімен аяқталатын инфарктен болатын мұндай қатер шамамен 90%-ға кеміген. Десе де инфарктен болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендегенімен жүрек жеткіліксіздігінен (жүрек ағзасының қызметінің жетіспеушілігінен), аритмиден, созылмалы жоғары қан қысымынан өлім-жітім деңгейі артып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of the American Heart Association мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 1970 − 2022 жылдар аралығындағы Америка құрма штаттарының ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының деректерін талдау нәтижесі жүрек-қан тамыры аурулары өлімнің басты себебі болып қалғанын көрсетті: 1970-2022 жылдар аралығында барлық өлім-жітімнің 31% -ын құраған. Бұл ретте жүрек ауруынан қайтыс болғандардың арасында инфаркт 54-тен 29% -ға дейін төмендеді. Басқа жүрек ауруларынан (аритмия, жүрек жетіспеушілігі және гипертониялық ауруларды қоса алғанда) өлім-жітім 81% -ға өскен. Инфарктен болатын өлім-жітімнің азаюына бұл саладағы медициналық жетістіктер мен іс-шаралар себеп болған: 1960-шы жылдардан бастап күллі әлем бойынша кардиологиялық бөлімдер ашылып, ота жасау технологиясы жетілдіріліп келеді. Бұдан бөлек, нарықта аспирин, бета блокатор, статин, т.б. емдік тиімділігі жоғары дәрі-дәрмек пайда болды. Дегенмен жүрек-қан тамыр ауруларының қатерін арттыратын факторлар да көбейген, атап айтқанда, артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы 1970-ші жылдардан бері 40%-ға артып кеткен. Сусамыр (2-ші типті қан диабеті) дертінен бүгінде ересектердің жартысына жуығы зардап шегеді. Артериялық гипертензия 1978 жылы 30%-дан 2022 жылы 50%-ға артып кеткен. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Лата Паланиаппан есімді дәрігер инфарктен болатын өлім-жітім азайғанымен аурудың салдарымен, соның ішінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен күрестің маңыздылығы артып отырғанын жеткізді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3