Оңтүстік Кореяда ҰБТ қалай өтеді немесе қоғам тест тапсырушыларға қалай көмектеседі?
Оңтүстік Кореяда ҰБТ қалай өтеді немесе қоғам тест тапсырушыларға қалай көмектеседі?
6 жыл бұрын 5504 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бір жарым миллион кәріс баласы мемлекеттік бірыңғай емтиханды сәтті тапсыруы үшін оларға полиция, өрт сөндірушілер, қаржыгерлер, авиаторлар, т.б. қолұшын созады. Былайша айтқанда, күллі ел көмекке келеді. Қалай дейсіз ғой? Жыл сайын қараша айында бір күн бар - электр тогымен жүретін көліктер тоқтайды, биржа сауданы кейінге қалдырады, ұшақтар ұшып-қонбайды. Өйткені, бұл күні колледжге түсуге, беделді жоғарғы оқу орнына оқуға тест тапсырылады. Биыл аталған емтихан қарашаның 16-ы күні өтуі тиіс болатын, алайда, жер сілкінісіне байланысты бір аптаға кейінге шегерілген еді. Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағалауында күші 5,4 балдық жерасты дүмпуі болған еді. Яғни, тарихта бірінші рет емтихан стихиялық себеппен кейінгі шегерілген болатын. Тест тапсырушылардың қауіпсіздігі үшін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Оңтүстік Кореядағы ұлттық бірыңғай тестілеу әлемдегі ең қиын емтихандардың бірі. Барлық пән бойынша тек бір-ақ күнде тапсырылады. Тест тапсырушының тағдыры осы күні шешіледі. Аталмыш елдегі бұқаралық шара десе де болады. 1180 емхихан тапсыру орталығы жұмыс істейді бұл күні. Емтихан өтетін күні аса шұғыл жағдай болмаса, ұшақтардың ұшуына және қонуына рұқсат берілмейді. Тест 35 минутқа созылады. Ағылшын тілінде мәтін оқылады және оған жауап беріледі. Бұл сәтті күллі елде тыныштық орнайды.Көлік министрінің әмірі бойынша бұл уақытта көктегі ұшақ 3 шақырым биіктіктен төмендемеуі керек. 62 ішкі және 36 халықаралық рейс жолаушылары тоса тұруына тура келеді. Корея билігі бұл шектеу туралы міндетті түрде барлық авиаторға НОТАМ (Notice to Airmen) арқылы ескертіп қояды. Яғни, аэронавигациялық жағдай туралы халықаралық жедел хабарлау жүйесі арқылы. Кәрістердің тест тапсырудағы тағы бір ерекшелігі неде дейсіз ғой? Тест тапсыратындар сыртқы әлемнен мүлдем оқшауланады. Тест тапсыратын орын аса құпия ұсталады. Іште тек техникалық жұмысшылар мен қызмет көрсететін, яғни, аспазшылар ғана қалады. Ақпараттың сыртқа шықпауы барынша қадағаланады: барлық коммуникациялық арналар жабылады, емтихан тапсырылатын орынға кіріп-шығу аса қажет жағдайдың өзінде  рұқсат етіледі, мысалы, бір жақыны қайтыс болса, т.б. Туысы қаза болған емтихан тапсырушының өзін жалғыз жібермейді: жанына арнайы агентті ертіп алуы тиіс, белгіленген уақытта қайтып келуі тиіс. 

Тест тапсырушы емтихан орталығына есік жабылмай тұрып кіріп үлгеруі керек, кешіксе, өз обалы өзіне, оның жылап-сықтағанына, жалынып-жалбарынғанына қарамайды, екінші мәрте тапсыруға мұрсат берілмейді. 

Егер тест тапсырушы жолда адасып кетсе, үйінде бір керекті затын ұмыт қалдырса немесе емтиханға тіркелгенін растайтын құжаты жоғалса, мұндай жағдайда полиция көмекке келеді: қысылтаяң жағдайда қалған тест тапсырушыны үйіне апарып келеді. Емтихан тапсырылатын орталықтарды 18 мыңнан аса тәртіп сақшылары қас қақпай күзетеді. Жорғалаған тышқан, ұшқан шыбын өте алмайды. Төтенше жағдай, арнайы жасақ сақадай сай әзір тұрады. 

0 пікір
Мұрағат