Банкрот болмаудың жолдары қандай?
Банкрот болмаудың жолдары қандай?
8 жыл бұрын 5644 insider.pro

Осы күзден бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы заң жобасы енгізілуі мүмкін. Яғни өзінің банкрот болғаны туралы заңды тұлғалар ғана емес, жеке тұлғалар да айта алады деген сөз. Дегенмен мұндай заң қабылданса да  өзіңізді банкрот болдым деп жариялауға асықпаңыз. Себебі банкрот болғаныңыз туралы айтып қарыздан құтылғаныңызбен, кейін жағдайыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан 7kun.kz банкрот болмай өмір сүрудің жолдарын ұсынады.

1. Бюджетті үнемі жоспарлау

Егер сіз күнделікті қаражатыңызды есептеп отырмасаңыз шығындар көп бола түсетіні анық. Мұның салдарынан басқа да қарыздарыңыз жабылмай қалуы мүмкін. Ал бюджет үнемі жоспарланатын болса, ақшаның қайда кетіп жатқаны белгілі болады. Бюджетті жоспарлаудың қарапайым тәсілі — негізгі шығындар тізімін жасап, әрқайсына қанша қаражат кететінін есептеу. Сондай-ақ, өз бюджетіңізді жоспарлаған жағдайда оның тиімділігі артады.

2. Аз жұмсап үйрену

Қаржыны аз жұмсап үйренгенсеңіз банкрот болудың ықтималдығы азаяды. Өз кірісіңіздің кемінде 10 пайызын үнемдеу керек. Тіпті тапқан қаражатыңыз ай сайынғы ипотека, кредит, қарыз сияқты төлемдерді жапқан күннің өзінде қалған ақшаны жұмсай беру керек деген түсінік болмағаны жөн. Егер барлық ақшаны жұмсап қойсаңыз, қандайда бір келеңсіз жағдай туғанда «қаржылық қорғаныс» болмай қалатыны тағы бар.

3. Кредиттік картаға сенудің қажеті жоқ

Кредиттік картаның бонустық балдар немесе жеңілдік бағдарламалар секілді нақтыланған өзіне тән басымдықтары бар. Алайда кредит картасын қолданар алдында ондағы қаражатты өзіңіздің қажеттілігіңіз үшін жұмсайтыныңызға көз жеткізіп алыңыз. Ал карта арқылы керек емес заттарға қаражт жұмсау — банкрот болуға бір қадам жақындатады. Бірінші айда картадан жұмсалған қаражатты екінші айда толтырып алам деу қате пікір. Кредит картасын қолданудың ең тиімді тәсілі — картадан алынған қаражатты қайта орнына қоя алатындай сомада ғана жұмсау.

4. Қарызды қайта құрылымдау

Егер алда төлейтін қарыздарыңыз көбейетін болса бірден банкрот болдым деп жариялаудың қажеті жоқ. Алдымен қарызды қайта реттеу үшін кредиторлармен келісім жасаңыз. Сіздің мәселеңізді шешіп беретін арнайы компаниялар да бар делік. Алайда оның өзіне ақша жұмсауыңызға тура келеді. Сондықтан кредит берушілерге тікелей шығып жағдайды түсіндірген жөн. Мысалы кредиттік картаға қатысты пайыздық мөлшерлемені төмендетуді, қарыз көлемін оңтайландырып беруін сұрап өтініш жазыңыз. Егер өтініш қаралмаған жағдайда өзіңіздің банкрот болатыныңызды айтып көріңіз. Мұндай жағдайда банк сіздің өтінішіңізді қараусыз қалырмайды. Өздеріне тиесілі ақшаны өндіру оларға тиімді екені айтпаса да түсінікті.

Есте сақтаңыз, өзіңіздің банкрот болуыңыз туралы жариялау — қаржылық бұғаудан шығудың оңай жолы емес.Сондықтан қанша қаржылық жағдайыңыз қанша қиын болса да, банкрот болудан аулақ болыңыз.

0 пікір
Мұрағат