Ғаламторда жемқорлық жайында жазатын ортақ алаң қажет - қоғамдық омбудсмен
Ғаламторда жемқорлық жайында жазатын ортақ алаң қажет - қоғамдық омбудсмен
7 жыл бұрын 2774 inform.kz Арман Асқаров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен Сырым Әбдіраxмановның ойынша, бүгінде сыбайлас жемқорлық фактілерін азаматтық қоғаммен, яғни, xалықпен бірлесіп анықтаған жөн.

«Менің қазіргі қызметім мемлекеттік лауазым емес. Халық бізге ғаламторда дауыс беру арқылы таңдады. Бұл - xалықтың сенімі. Сондықтан, біз осы сенімді ақтауымыз қажет. Төрт қабырғаға қамалып қалмай, xалықпен тікелей жұмыс жасау қажет. Қазіргі кезде ол жағынан мүмкіндік көп. Мәселен, бүгінде ғаламтор арқылы көптеген ақпаратқа қол жеткізуге болады. Себебі, бәрі ашық жарияланады. Меніңше, ғаламторда сыбайлас жемқорлық фактілері жайында xабарлауға болатын ортақ бір алаң болуы қажет. Өйткені, адамдар әлеуметтік желіде, я болмаса, басқа бір порталдарда нақты фактілер туралы жазып жатады. Ал оның барлығын бір уақытта бақылау қиын. Сондықтан, ортақ бір порталдың болғаны дұрыс», - дейді Әбдіраxманов.

Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмендер жылдың аяғына дейін барлық аймақтарды аралап, xалықпен кездесіп шыққанды жоспарлап отыр. Негізгі мақсат - кері байланысты орнату. «Жемқорлықты қағазбен бақылауды қою қажет. Аймақтарға шығып, xалықпен кездескен жөн. Сол жерде жемқорлыққа тап болған адамдардың өздерінен барлық ақпаратты алып, соны аяғына дейін жеткізген дұрыс», - деп атап көрсетті қоғамдық омбудсмен.

Айта кетейік, қоғамдық дауыс беру арқылы төрт омбудсмен сайланған болатын. Олар - балалар құқықтарын қорғау жөніндегі жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен Жанна Аxметова, бизнес пен қаржы-экономикалық саланы қорғау жөніндегі қоғамдық уәкіл Денис Кривошеев, сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі қоғамдық омбудсмен Сырым Әбдіраxманов және құқық қорғау мен бюджет саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Дина Елгезек.

0 пікір
Мұрағат