МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАҒАНЫ ДҰРЫС?
МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАҒАНЫ ДҰРЫС?
10 жыл бұрын 5271 muslim.kz

Мұсылман әйелдерге шариғат бойынша оқуға және жұмыс жасауға тыйым салынбаған.

Алайда, жұмыс істеуге келгенде мынадай шарттарды ұстану қажет:

- Киім киюде және қарым-қатынаста шариғат шарттарын ұстану;

- Жұмыс істейтін жері ислам тыйым салған дүниелерден (мысалы: арақ сату) аулақ болуы;

- Мүмкіндегінше ер адамдардан бөлек жұмыс істеу;

- өзінің моральдық және физикалық денсаулығын сақтай алу;

- Әйелдің барлық уақытын алмайтын, отбасына көңіл бөлуге мүмкіндігі бар болуы тиіс.

мусульманская учительница или студентка

"MuslimFashion" порталының хабарлауынша, мұсылмандар көбіне мынадай салаларда қызмет етеді. 

1 орын: Мұғалім, тәрбиеші, оқытушы

2 орын: Дәрігер, медбике, стоматолог

3 орын: Шаштараз, стилист, косметолог

4 орын: Киім дизайнері, графикалық дизайнер, фотограф

5 орын: Есепші, заңгер

Мусульманка делает намаз в офисе на работе

0 пікір
Мұрағат