Сыздауықты емдеу жолдары
Сыздауықты емдеу жолдары
8 жыл бұрын 27371 massaget.kz yaostrov.ru Ә.Асанова

Сыздауық – теріге шығатын жара. Оны дер кезінде емдемесе, таралып, бірнеше жерге шығуы мүмкін. Халық арасында шиқан деп те атайды.

Сыздауық неге шығады?

– суық тигенде;
– иммунитет әлсіз болғанда;
– тазалық сақтамағанда.

Қалай емдеу керек?

Алдымен дәрігерге қаралып, анық сыздауық екеніне көз жеткізу керек. Сыздауықты сығып, іріңін шығарамын деп ойламаңыз. Әсіресе, бетке шыққан сыздауыққа қол тигізуге болмайды. Беттегі үшбұрышты аймақта жүрекпен жалғанған ең маңызды тамырлар бар. Оған тиген адам өліп кетуі де мүмкін.

 

Дәріханадан ихтиол мазін алыңыз. Мақта дискісін төртке бөліп не кез келген кішкене көлемді мақтаға ихтиолды жағыңыз. Ихтиол жағылған мақтаны сыздауықтың бетіне таңып, сантипласт не басқа нәрсемен теріге жапсырыңыз. Мазь сыздауықтың өзегін шығарады да, жара тез жазылады.

Қазақы емдерді де қолдануға болады:

– Жуаны сүтке пісіріп, жараға басса, өзегін тез алады.

– Қойдың майын жағу да тез көмектеседі.

– Дәкеге құрғақтай кір сабын жағып, жараға таңуға да болады.

Сыздауық бірнеше рет шыға берсе, иммунитетіңіз жарамен күресуге дәрменсіз деген сөз. Ондай жағдайда иммунитетті күшейтетін укол алған дұрыс.

0 пікір
Мұрағат