|
Түнгі ас миға теріс әсер етеді
|
Түнгі ұйқыға бөлінетін уақытта тамақтану адам салмағына ғана емес, сонымен бірге миына да теріс әсер етеді. Бұл есте сақтау қабілетінің әлсіреуіне әсерін тигізеді. Бұл туралы америкалық ғалымдар айтты.
Генетиктер тышқандарды тәжірибеге қатыстырды. Екі аптадай кемірушілердің бір тобын кешкі сағат тоғыз бен түнгі сағат үш арасында, екінші топты таңғы сағат тоғыздан кейін ғана тамақтандырды.
Екі топтағы тышқандар да бірдей уақыт ұйықтады. Алайда түнде тамақтандырылғандардың ұйқысы бұзылды (жиі оянатын болды). Сонымен бірге есте сақтау қабілеті мен оқу үдерісіне жауап беретін ақуыздардың бөлінуіне әсерін тигізді. Осылайша ұйқыға бөлінген уақытта тамақтанғандардың есте сақтау тесттеріндегі нашарлау болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Мұсылман елінде суға сүңгушілер үшін суасты мешіті ашылады
■
Капитал батыстан шығысқа ауысты: Швейцария “әлем сейфі” мәртебесінен айырылды
■
Адамзаттың жартысына дейін азаятын кезең жақындап келеді
■
Cеміздікке қарсы дәрі-дәрмек шығынын мемлекет есебінен толтыратын Еуропадағы алғашқы ел