|
ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЭЛЕКТР ШАМЫ
|
Сауд Арабиясы ақпарат құралдарында осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде қолданылған электр шамының суреті жарияланды. Шамға жапсырылған жазбаға сүйенсек, оны араб түбегінде электр қуаты пайда болған жылы орнатқан екен. Бұл 112 жыл бұрын болған уақиға. Сонымен, Пайғамбар мешітінде электр шамдары хижри жыл санағымен 1326 жылы пайдаланыла бастаған. Оған дейін мешітті жарықтандыруға май шамдар қолданылған. 1970-1975 жылдары мешіт территориясын кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Осы кезеңде тек қана Пайғамбар мешітін жарықтандыруға арнайы электр стансасы тұрғызылды. Ал мешіт ғимаратында 2 500-ге жуық электр шамдары орнатылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады