|
Порно көрудің отбасылық өмірдің шырқын бұзатыны белгілі болды
|
Америкалық ғалымдар порнографияның ерлі-зайыптының қарым-қатынасына қалай әсер ететінін анықтау үшін 3500-ден астам адамның деректерін талдады. Бұл жайында islam.kz порталы news.byu.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуге қатысушылар порно көру, қанағаттану сезімі және ерлі-зайыптылардың тұрақтылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Порно көру терең сыйластық пен нәзік сезімге негізделген романтикалық қатынасқа кері әсерін тигізетін болып шықты. Әсіресе, діндар адамдардың өздерінің моралдық құндылықтарына сәйкес келмейтіндіктен көбірек зардап шегетіні анықталды. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Брайан Уиллоуби есімді ғалымның айтуынша, порно көру ерлерге де, әйелдерге де зиян.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)