|
Қажылыққа барғысы келетіндерге денелерін шынықтыруға кеңес берді
|
Нигерияның Ондо штатының мұсылман қажыларының қайырымдылық қоры өкілдері қажылық парызын орындағысы келетіндерге алдын-ала дене шынықтыру жаттығуларын жасауға шақырып, ресми үндеу жариялады. Аталмыш қор өкілдерінің айтуынша, бұл өз кезегінде олардың қасиетті сапарда денсаулықтарына зиян келмеуіне көмектеседі. «Жақсы шынығу – қажылықты сәтті өтеудің бір шарты. Қажылық – бұл өзінше бір діни мәні бар дене шынықтыру іспеттес. Табандылықты қажет ететін. Әсіресе, автокөлікпен жүруге дағдыланған адамдар қазірден бастап, жүріп жаттығуы керек», - деп мәлімдеді аталған қор төрағасы Әлһажы Әжіфобуб.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді