|
ҚАЛТАЛЫ ТІЛМӘШ ҚЫРУАР АҚШАҒА ИЕ БОЛДЫ
|
Әлемнің әр елінен келген миллиондаған мұсылманға Меккедегі жұма уағызын өз тілінде тыңдауға мүмкіндік берген құрал биік мәртебеге ие болды. Қалталы тілмәшті ойлап тапқан –америкалық компаниялардың бірі. Ал марапаттау Дубайда өткен ғаламдық ислам экономикалық саммитінде өтті. Divine Connect компаниясының қажыларға арналған құралы 20 мың доллар сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, 10 мың доллар көлеміндегі бизнес-инкубатор қызметінің жабдығы мен Дубай техносаябағын бір жыл бойы тегін қолдануға рұқсат алды. Айта кетейік, байқауға бұдан өзге әлемнің 40 елінен 250 мекеме өз туындыларын ұсынған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды