Қара зеренің қасиеті: тиімді әрі қауіпсіз жолмен арықтауға көмектеседі
Қара зеренің қасиеті: тиімді әрі қауіпсіз жолмен арықтауға көмектеседі
9 сағат бұрын 88 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Nigella sativa қара зеренің тағы бір қасиеті анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Food Science & Nutrition мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу Шығыс, сондай-ақ, Орта Азия аймақтарында кеңінен тұтынылатын, ас қоспасы ретінде танымал бұл дақыл, сондай-ақ, косметикада, халық емінде де қолданылады. Қабынуға қарсы тұратын бұл дақылдың артық салмақтан қауіпсіз әрі тиімді жолмен арылуға көмектесетіні белгілі болды. Осака университетінің (Жапония) ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл бағыттағы клиникалық сынақ барысында тәжірибеге қатысқандар күн сайын қара зере ұнтағының 5 грамын, шамамен ас қасық мөлшерінде қабылдап отырды. Сегіз аптаның ішінде олардың бойында оң өзгерістер орын алған: қан құрамында триглицеридтің, “нашар” холестериннің деңгейі төмендеген. Осылайша жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуда қара зеренің маңызды рөл ойнайтыны анықталып отыр. Оның организмге әсер ету тетігін түсіну үшін зерттеушілер жасушаларға тәжірибе жасап көрген екен. Олар қара зере тұқымының экстракты адипогенезді - май жасушаларының пайда болу және даму процесін - липидті тамшылардың жиналуын да, жасушалардың дифференциациясын да тежейтінін анықтады. "Біздің зерттеуіміз қара зере тұқымы семіздік пен өмір салтына байланысты аурулардың алдын алуда пайдалы екенін дәлелдейді. Қандағы липидтердің деңгейін төмендеткені қуантады", - деп түсіндірді зерттеуге жетекшілік еткен OMU Адам өмірі мен экологиясы жоғары мектебінің өкілі Акико Кодзима-Юаса. In vitro-лық тәжірибе нәтижесі  тұқым экстрактымен өңделген  жасушаларда липидтердің жинақталу көрсеткішін 40% -дан астам төмендеткен. Соған қарамастан қара зере адамның тәбетін тежемейді.

0 пікір
Мұрағат