Қолмен басқаруға болатын үш өлшемді голограмма пайда болды (видео)
|

Ғалымдар ауада үш өлшемді бейнемен өзара әрекеттесуге, дәлірегі, оны қолме н ұстап, жылжытуға мүмкіндік беретін ауқымды дисплей әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы HAL ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Наварра қоғамдық университетінің зерттеушілері қазіргі көлемді дисплейлердің негізгі кемшілігін (жасалу үстіндегі бейнелермен өзара әрекеттесу тетігі жоқ) еңсеретін технологияны ұсынды. Айрықша құрылғының прототипі Жапониядағы CHI 2025 жиынында жұртшылық назарына ұсынылды. Қолданыстағы көлемді дисплейлер тез тербелетін диффузор парағын пайдаланады, суреттер жоғары жылдамдықпен (секундына 2880 сурет) синхронды түрде жобаланады. Көру инерциясының арқасында түрлі биіктіктегі диффузорға проекцияланатын бейнелер көлемді заттар ретінде қабылданады. Ғалымдардың айтуынша, бар кілтипан - диффузордың қатты болуында және егер ол тербеліс кезінде қолмен жанасса, ол сынуы немесе жанасқан адам қолын жарақаттауы мүмкін. Бұл тығырықтан шығу үшін зерттеушілер қатты диффузорды икемді диффузорға ауыстырды. Олар түрлі материалдарды оптикалық және механикалық қасиеттеріне сынақтан өткізіп, лайықты материалдарды таңдап алды. Өзгеше жобаға атсалысқан Әсер Марзо есімді ғалымның айтуынша, адам өз телефонымен тікелей байланыста болуды үйреніп үлгерді. Бұл технология 3D көру және манипуляцияға қатысты біздің туабітті қабілеттерімізді пайдалана отырып, үш өлшемді графикаға дәл осындай табиғи тәсілді қолдануға мүмкіндік береді. Ерекше құрылғы бiлiм беруде, мұражай iсiнде және бiрлесіп істеуді қажет ететінн ортақ жұмыста қолдануға болады.Мәселен, студент-инженерлер қозғалтқыштың бөліктерін үш өлшемді кеңістікте жинай алады, ал мұражайларға келушілер экспонаттармен өзара іс-қимыл жасай алады. Бұл ретте бірнеше адам бір уақытта бір көлемді суретпен жұмыс ісй алады, т.б.




