|
Қомағалайлықтың қатерлі дертке ұрындыратыны анықталды
|
Асты асығып-аптығып жеу тамақтан соң қан құрамындағы қанттың деңгейін күрт көтеріп жібереді. Бұл жайт өз кезегінде сусамыр дертіне шалдықтыру қатерін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы жапон ғалымдарының тұжырымына жөн сілтеген Likar.info ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар тамақты тез жеуге дағдыланған адамдарда қант диабетіне дейінгі жағдайдың көрсеткіштерінің бірі болып табылатын глюкозаға төзімділіктің ауытқуы екі есе жоғары екенін анықтады. Ғалымдардың пайымдауынша, тағамның тез сіңуі тамақтан кейін бірден қант деңгейін арттырады. Организм қандағы глюкозаны жасушалық энергияға айналдыру үшін инсулинді жеткілікі мөлшерде шығармағандықтан 2-ші типті қант диабеті дамиды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді