|
Қытай ғалымдары смартфонды 15 минутта қуаттау жолын тапты
|
Қытайдың Oppo компаниясы смартфон аккумуляторын 15 минутта қуаттауға арналған Super VOOC технологиясын таныстырды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".
Компанияның мәліметінше, жаңа құрылғы арқылы аккумуляторды 5 минутта 10 сағат сөйлесуге жететіндей етіп қуаттауға болады. Смартфон қарапайым USB жалғағышымен қуатталады. Технология 5 вольттік қуат импульсінің алгоритміне негізделген. Ол аккумулятордың қатты қызып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, технология түрлендірілген аккумулятордан, жаңа адаптерден, кабель мен коннектордан тұрады.
Айта кетейік, бұл технология смартфонды 35 минут ішінде 80 пайызға дейін қуаттайтын Quick Charge 3.0 от Qualcomm жүйесін артта қалдырды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді