Қытайда қанаты бамбуктен жасалған дрон сынақтан сәтті өтті (видео)
Қытайда қанаты бамбуктен жасалған дрон сынақтан сәтті өтті (видео)
2 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік-шығыс Азия аймағында өсетін бамбук әдеттегі материалдарға қарағанда көптеген артықшылықтарға ие, міне, осындай ерекшелігіне байланысты оны, тіпті, шағын жер серіктерін жасауда пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайда беткі жағы бамбуктен жасалған ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды. Ақпан айында алғаш рет әуеге көтеріліп, сынақтан сәтті өтті. Әлбетте, дронды құрастыру кезінде әдеттегі материалдар да пайдаланылды, ал бамбуктің дрон конструкциясындағы үлесі 25%-дан асады. Бұл қанаты қозғалмайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары арасындағы әлемдік рекорд. Машина бұрылуға мүмкіндік беретін бұрандалармен жабдықталғандықтан тігінен ұшып көтеріле және қона алады, алайда, ұшу кезінде кәдімгі қанаттың артықшылықтарын пайдаланады. Қанаттарының ұзындығы 2,5 метрден асады, ұшу кезіндегі салмағы - 7 келі. Крейсерлік жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асады, ұшу уақыты бір сағаттан және одан да көп. Бамбук композитінің жеңілдігінен сериялық аппарат сол мөлшердегі көміртекті талшықтан жасалған ұқсас түрлерден ширек жеңіл. Құнына келсек, пайдаланылған жұқа пленкалы бамбук шпон кәдімгі көміртектен шамамен төрт есе арзан және авиациялық көміртегіден әлдеқайда тиімді. Сондықтан бағасы екі есе арзан. «Дрондарға арналған бамбук негізіндегі композиттер беріктігі бойынша қатаң талаптарға жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар, қалыптаудан бастап сыртқы ортаға төзімділікке дейінгі бірқатар технологиялық міндеттерді еңсеруі тиіс», - деп түсіндірді бірегей жоба жетекшісі Син Даошын Бейжіңдегі халықаралық бамбук және ротанг орталығынан. Ғалымдар бұл дронды құрастыру барысында кәдімгі ұшу стандарттарына сүйенді және жүзден астам тәжірибе өткізді. Нәтижесінде аса берік, тұтқырлық пен технология жетістігін үйлестіретін материал алуға және бамбук шикізатын іріктеуден бастап, пилотсыз ұшақтың дайын қаптамасына дейін толық тізбекті құруға мүмкіндік туды. Ұшу сынақтары барлық параметрдің дронды пайдаланудың нақты шарттарына сәйкес келетінін растады. Ұшқышсыз ұшу аппаратын дайындау үшін кеңінен қолданылатын көміртегі талшығы - энергияны көп қажет ететін және ыдырауы қиын материал. Ал бамбук композиті - жаңартылатын, яғни, орны толатын, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын шикізат. Ең бастысы, арзан: бамбукты пайдалану күштік конструкцияның құнын 20% -дан аса төмендетуге мүмкіндік берді. Сарапшылардың пайымдауынша, бамбук композиттерінің табиғи беріктігі мен қаттылығы, сондай-ақ, радиожиіліктің өткірлігіне төзімділігі өте жоғары болғандықтан жоғары технологиялық салаларда да, мысалы, шағын спутниктердің элементтерінде немесе ғарыш аппараттарының жеңіл корпустарында пайдалануға болады.

 

0 пікір
Мұрағат