Қытайда роботтарды қалалық жердегі ұрыс қимылдары үшін термобарлық қарумен жабдықтауды ұсынды (видео)
Қытайда роботтарды қалалық жердегі ұрыс қимылдары үшін термобарлық қарумен жабдықтауды ұсынды (видео)
5 ай бұрын 1989 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай халық-азаттық әскерінің таяуда өткен қалалық құрылыс жағдайындағы оқу-жаттығуы жеңіл атыс қаруымен қаруланған дрондар мен робот иттердің ғимараттар мен бункерлерде жасырынатын немесе бекінетін жауды үлкен қиындықпен жоятынын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы scmp.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыны ескерген қытай қарулы күштерінің сарапшылары роботтарды қалалық жердегі жерасты кешендерін жаудан тазарту  үшін термобарлық қарумен жабдықтауды ұсынды. Мұндай роботтар жауды табу және жоюы үшін ұшқышсық ұшатын аппараттармен байланысты жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, термобарлық қару немесе вакуумдық бомба қоршаған ауадағы оттегіні әдеттегі жарылысқа қарағанда анағұрлым ұзақ созылатын жоғары температуралық жарылысты жасау үшін пайдаланады. Вакуумдық бомбаның детонациясы адам денесін буға айналдыратындай қуатты келеді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3