Қыздырған кезде мұздайтын магнитті материал табылды
Қыздырған кезде мұздайтын магнитті материал табылды
2 жыл бұрын 1059 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ретсіз магниттік материалдарды қажетті температураға дейін салқындатқанда, әдеттен тыс нәрсе болады: олардың атомдарының спиндері «қатып қалады» және өзара «ұжымдық» әрекетке көшеді. Енді физиктер алғаш рет керісінше процесті көрді. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Неодимның табиғи магниттік элементін ішінара қыздырсаңыз, ол қатып қалады. Нидерландыдағы Радбуд университетінің физигі Александр Гуджетюрианс: «Біз байқаған неодимнің магниттік әрекеті әдеттегідей жағдайға қарама-қайшы», - деді. Оның айтуынша, бұл ысытылған судың мұз кесегіне айналғанымен бірдей ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтын нәрсе. Радбуд университетінің физигі Бенджамин Верлхак бастаған ғалымдар тобы неодимнің температураның өзгеруіне қарай қандай күйге ұшырайтынын зерттегісі келді. Олар неодимнің температурасын -268°С-тан -265°C-қа дейін көтеру мұздату күйін тудыратынын анықтады. Ғалымдар неодимды қайтадан салқындатқанда, ол бұрынғы қалпына келді. Ғалымдар мұның сырын түсіне алар емес. Өйткені, өте сирек кездесетін табиғи материалдың өзгелерге ұқсамайтын бұл ерекшелігі фрустрация (лат. frustratio — «алдау», «сәтсіздік») деп аталатын феноменмен байланысты болуы мүмкін екенін алға тартады ғалымдар. Мұндай құбылыс материал реттелген күйге жете алмай, ретсіз күйге өткенде болады.

0 пікір
Мұрағат