Робот адамға “тағзым” етуді үйренді (видео)
Робот адамға “тағзым” етуді үйренді (видео)
19 сағат бұрын 179 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Agility Robotics компаниясы адам жақындағанда жол беріп, жанынан өтіп кеткенше қозғалмайтын немесе тізесін бүгіп «тағзым» ететін Digit 5 адам тәрізді роботын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Futurism ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Американдық ғалымдар қоймаларда мен зауыттарда қызметкерлермен бірлесіп жұмыс істеу үшін жаңа Digit 5 адам тәрізді роботын құрастырды. Екі аяқты андроид кеңістікті тұрақты мониторингілеу үшін жасанды зерденің кіріктірілген проприетарлық алгоритмдерін және датчиктер жүйесін пайдаланады. Машина қызметкерлерді бірден танып, қауіпсіз қозғалыс траекториясын таңдайды. Бұл өндірістік жарақаттарды, апаттар мен жұмыс орындарындағы өрт қаупін толығымен жоюға көмектеседі. Нақты уақыттағы күрделі есептеулер мен қозғалыстарды тануға Nvidia компаниясының Thor IGX арнайы AI-чипі жауап береді. Процессор көптеген кіріктірілген визуалды сенсорлардан ақпараттарды өңдейді. Agility Robotics техникалық директоры Прас Велагапудидің айтуынша, инженерлер бірегей жүйеге қорғаудың кешенді сценарийлерін енгізді. Андроид өз әрекеттерін адамға қаншалықты жақын тұрғынаны байланысты реттейді. Жаңа гуманоидтың салмағы адамнан кем болса да 23 келіге дейін тартатын жүкті бірнеше рет көтере алады. Орнатылған батарея 90 минут автономды, яғни, дербес жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, ал батареяны толық зарядтау тек тоғыз минутты алады. Мұндай цикл андроидқа тәулігіне 20 сағаттан артық өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат