Робот қол «адам деңгейінде» қимылдайтын дәрежеге жетті (видео)
Робот қол «адам деңгейінде» қимылдайтын дәрежеге жетті (видео)
13 күн бұрын 1155 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. © Clone Robotics

Илон Маск адам қолын аса күрделі механизм деп атады. Оның айтуынша, мұндай күрделі механизмді робот қолдар қайталай алмайды. Соған қарамастан инженерлер робот қолдың қимыл-қозғаалысын адам деңгейіне барынша жақындадатын шешімді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Naked-Science басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Clone Robotics компаниясының инженерлері адам қолының қимылын мейлінше дәл әрі жылдам айталай алатын робот қолды жасай алған екен. Төмендегі бейнежазбада сенсорлық қолғаппен жұмыс істейтін оператордың үстелде жатқан роботталған қолды қалай басқаратынын кресіз. Роботталған қол адам саусақтарының қозғалысын керемет жылдамдықпен және ең аз кідіріспен қайталайды. Clone Robotics өкілдері «толығымен басқарылатын адам деңгейіндегі роботталған қол» жасау қиын екенін айта келе өздері әзірлеген робот қолдың 27 еркіндік дәрежесіне ие екенін мәлімдеді. Робот қолдың күші мен жылдамдығы адам қолымен бірдей дерлік. Clone Robotics инженерлері робот қол үшін әлемдегі ең мықты жасанды бұлшықетті пайдаланғандарын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат