|
Сарапшылар қылмыскерлерге “қызмет көрсететін” жасанды зерденің мыңдаған моделін тапты
|
Зерттелген АІ-серверлерінің төрттен бірі моделдердің әрекетін, яғни, “мінез-құлқын” толық бақылауда ұстауына мүмкіндік беретін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы SecurityLab ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киберқылмыскерлер ашық тілдік моделдерді зерттеу немесе танымдық мақсатта емес, шабуыл жасаудың қолайлы алаңы ретінде пайдаланады. Мамандардың ескертуінше, ашық кодты моделдері бар компьютерлерге сырттай иелік ету оңай, дәлірегі, спам тарату, фишингтік хабарламалар жасау және жасанды зерденің ірі платформаларының қорғау тетіктерін айналып өтіп, белгілі бір мақсат үшін бұрмаланған ақпаратты таратуда пайдалануға болады. SentinelOne мен Censys компанияларының 293 күнге созылған бірлескен зерттеуі проблеманың нақты ауқымын көрсетті. Білікті мамандар желідегі мыңдаған тілдік үлгілерді зерттеп, олардың кейбіреулері заңсыз мақсаттар үшін пайдаланылатынына көз жеткізген. Соның ішінде кибер шабуыл жасау, өшпенділікті қоздыру және қорқыту, анайы контентті тарату, жеке деректерді ұрлау, алаяқтық, ал кейбір жағдайларда, тіпті, балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсететін материалдарын тарату фактілері де тіркелген. Бұл бағыттағы зерттеу жекелеген тұлғалар мен ұйымдарға өздерінің тілдік моделінің нұсқасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін Ollama қондырғысы арқылы іске қосылған, бұқара қол жеткізе алатын моделдерді қамтыды. Мұндай қондырғылардың едәуір бөлігі Meta * компаниясының Llama тобының моделдерін, Google DeepMind компаниясынан Gemma және басқа да танымал нұсқаларды пайдаланады. Бұл ретте сарапшылар осы үлгілердегі кіріктірілген шектеулер мен қорғау тетіктерін әдейі алып тастаған жүздеген жағдайды анықтады. Мамандар зерттелген қондырғылардың төрттен бірінде моделдің мінез-құлқын анықтайтын нұсқаулықтарға қол жеткізе алды. Олардың шамамен 7,5% -ы зиянды әрекеттерді орындауға мүмкіндік берді. Жасанды зерде технологиясын басқарудың жаһандық орталығының жетекшісі Рейшел Адам ашық моделдер жарияланғаннан кейін оларды одан ары пайдалану жауапкершілігі бүкіл экожүйеге, соның ішінде әзірлеуші зертханаларға ортақ болатынын атап өтті. Оның айтуынша, технологияны әзірлеушілер жасанды зердені пайдаланып іске асырылған әр қылмыс үшін жауап беруге міндетті емес, Десе де олар ықтимал қауіп-қатерді алдын ала болжауға, ауқымын бағалауға, ескертуге және ықтимал қатерлерді азайту үшін күресетін құралдарды ұсынуға міндетті. Бастапқы коды ашық моделдер (яғни, қазір адамзаттың көп бөлігі қолданып жүрген ешқандай тіркеуді, құпия белгілерді қажет етпейтін үлгілер) технологияны дамыту үшін маңызды. Аашық кодты моделдерді қаскүнемдер өздерінің арам мақсатында пайдалана алатындығы да алаңдатады. Сол үшін кибер қарақшылардың қорғаудың барлық нұсқалары әрдайым қарастырылады және жетілдіріледі.