Сезімталдықты имитациялайтын протез жасалды (видео)
|

Аяқ-қолынан айырылған науқастарды оңалту кезіндегі басты мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарды толыққанды өмір сүріне жағдай жасауға, кемтар жан протездерді киген кезде түрлі (ауырсыну, протездің икемсіздігі) қолайсыздықты болдырмауға саяды. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швейцарияның білікті мамандары протездердің жаңа моделін ұсынады - науқасқа кіріктірілген датчиктердің көмегімен берілетін түрлі сезімдерді қалпына келтіре (имитациялай) алады. Бұл бағыттағы тәжірибе Цюрихтің жоғары техникалық мектебінде жүргізілді: жасанды аяқтың түбінде орналасқан датчиктермен байланысқан кіріктірілген электродтары бар протездік аяқ жасалды. Үлкен жіліншік аймағындағы адамның жүйке ұштарымен байланысты электродтар науқас адымдағанда датчиктерден келетін түрлі импульстарды жібереді. Бұл тарапта датчиктер мен микропроцессор кіріктірілген ossur протезінің табанының беткі жағына қосымша 7 сенсорлық датчик орналастырылды. Қозғалыс кезінде адам өзінің мүгедек екенін ұмытады, яғни, аяқ-қолы жоқ болса, бар сияқты сезінеді. Мұндай сезім қозғалу кезінде жақсы бағдар береді және протезге үйренуді жеңілдетеді.




