Шағын барлаушы дрон (видео)
Шағын барлаушы дрон (видео)
5 ай бұрын 1883 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам алақанындай шағын (ықщам) барлаушы дронды Норвегияның Teledyne FLIP Defense компаниясы құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы flir.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дрон таяуда Америка құрама штаттарының қорғаныс министрлігінің Blue UAS Refresh марапатына ие болды. Бір қарағанда, Black Hornet 4 дроны ойыншық тікұшаққа ұқсайды. Десе де бұл қару тасасы мен қатері көп жерде көзге түспей барлауға таптырмайтын құрал. Бар-жоғы салмағы 70 грамм тартатын, диаметрі 190 мм болатын дрон 20 секундта іске қосылады. Секундына 10 метр жылдамдықпен қозғалатын дрон жарты сағат ұша алады. Жылдамдығы сағатына 55 шақырым болатын жел екпініне төтеп бере алады, яғни, желден ығып кетпейді. Black Hornet 4 шағын портативті пултпен басқарылады және 2 шақырымға дейін әрекет ету радиусына ие. Оның байланыс арналары шифрлау жүйесімен және жиіліктерді ауыстырып қосу функциясымен сенімді қорғалған. Тікелей көріну мен GPS әрекетінен тыс жерде ұшақ автономды режимде ұша алады. Оған карталар, соқтығысуды болдырмау жүйесі, сондай-ақ виртуалды бағытты ұстану функциясы кіріктірілген, бұл дрондың тік бұрылыстарда, қалалық құрылыста және ұрыс алаңында адасып кетпеуіне мүмкіндік береді. Black Hornet 4 коммерциялық нұсқасында әлемдегі ең кішігірім тепловизионды электронды-оптикалық және навигациялық камералар орнатылған. Олар 1280 х 720 пикселді бейне, 3024 х 4032 пикселді фотосуреттер және 512 х 640 пикселді тепловизионды бейне мен суреттерді таратуды қамтамасыз етеді.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3