|
Смартфонды алмастыратын проектор көрсетілді (видео)
|
Бүгінде жаппай пайдаланылып жүрген смартфонды таяу болашақта алмастыратын немесе оның орнын басатын проектор Барселона қаласында өткен MWC 2024 көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы Hi-Tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Humane AI Pin смарт-проекторын басқару әдісі таспаға тартылды: мәзір мен парақшаларды парақтау үшін бас бармақ пен балаң үйректі, яғни, саусақтарды бүгін-жазса, жетіп жатыр. Humane AI Pin - өте құпия гаджет: иесінің алақанында орналасқан барлық ақпаратты қасындағы адамдар мүлдем көрмейді. Өкінішке орай, гаджет түрлі түсті кескінді көрсете алмайды - тек жасыл түсті болады.
- Humane AI Pin ерекшеліктері немесе артықшылықтары:
- Смартфонға тән барлық функция орындалады;
- 4 ГБ жедел жады және 32 ГБ ROM жады бар Qualcomm Snapdragon чипімен жұмыс істейді;
- 13 мегапикселді камерамен жабдықталған;
- LTE және 3G дауыстық қоңыраулар, Wi-Fi (802.11ac), Bluetooth 5.1 және GPS/GLONASS қолдауыне ие;
- Өлшемдері - 47,50 x 44,50 x 14,98 мм, ал салмағы - 34,2 грамм.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді