|
Су астынан ұшатын гибридті дрон құрастырылды (видео)
|
Қытай инженерлері бекітілген қанаты және тік ұшып-қону функциясы бар, Nezha-SeaDart деп аталатын жаңа, гибридті, ұшқышсыз ұшатын аппаратты сынақтан өткізгені туралы хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Field Robotics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Nezha-SeaDart жерден де, су астынан да тігінен ұшып-қонып, су астында автономды суасты көлігі сияқты қозғала алады. Дрон Қытайдың Шыжан провинциясындағы Сиандаоху мың арал көлінде 10 күн қатарынан сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Теориялық тұрғыдан әскери сүңгуір қайықтарды осындай құрылғымен жабдықтауға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр