Супербактерия өсімдіктердің 350 түріне дейін жоюы мүмкін
Супербактерия өсімдіктердің 350 түріне дейін жоюы мүмкін
4 ай бұрын 629 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британ ғалымдардың пайымдауынша, агрессиялық бактериялар күллі әлем бойынша өсімдіктердің 350 түріне дейін жоюы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы metro.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде өсімдіктер арасында кеңінен тараған Xylella fastidiosa бактериясы тарапынан төнетін қауіп-қатерді өзге микрооргнизмдерден келетін залалмен салыстыруға келмейді. Италиядағы зәйтүн ағашының бірнеше түрінің жойылуына себепкер болған аталмыш бактерия, селекционерлердің айтуынша, лаванда, шие, т.б. жоюы әбден ықтимал. Бұдан бөлек, азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді, өйткені, ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарына айналған бидай, арпа, жүгері секілді маңызды өсімдіктерді де жоя алады. Ғалымдар супербактерияның залалын анықтау өте қиын, өйткені, нақты белгілері көрінбейді: өсімдікке жұққаннан соң белгілі бір уақыттан кейін білінеді – өсімдіктің сабағы мен жапырағы қошқыл тартып, бірнеше күннен соң қурап бітеді.

0 пікір
Мұрағат