Технологиялық жетістіктер тарапынан төнетін қауіп-қатердің алдын алуға қабілетті ақылды ұрпақ өсіру жобасы қолға алынады
Технологиялық жетістіктер тарапынан төнетін қауіп-қатердің алдын алуға қабілетті ақылды ұрпақ өсіру жобасы қолға алынады
2 ай бұрын 708 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кремний алқабында жаңа үрдіс қарқын алып келеді. Әлемдегі инновация мен технологияның орталығында болжауға келетін IQ бойынша болашақ балаларды іріктеу мақсатында ұрықты генетикалық тұрғыдан тестілеуге кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы Securitylab мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытты қолдайтын Бенсон-Тилсен есімді математик жеті жыл бұрын озық жасанды зерде қатерінің алдын алуға көмектесетін әдіс-тәсілді зерттеген болатын. Таяу болашақта AI-технологиясының даму қарқынын тоқтатудың мүмкін еместігін мойындай отырып, ол технологиялық сын-қатерлерге төтеп бере алатын «ақылды адамдарды» өсіру идеясына назар аударды. Коммерциялық мақсатты көздемейтін, Бенсон-Тилсен ойлап тапқан Berkeley Genomics Project деп аталатын ерекше жоба бойынша адамзатқа технология тарапынан төнетін қауіп-қатердің бетін қайтару үшін баланы интеллектуалды деңгейі бойынша іріктеудің маңызы зор. Когнитивті қабілеттерді генетикалық тұрғыдан болжау қызметтерін Nucleus Genomics және Herasight стартаптары ұсынады. Бірінші кезеңдегі тестілеу құны 6 мыңдай долларға жуық, екіншісі - 50 мыңғ долларға дейін барады. Кейбір емханалар аурулардың генетикалық қауіп-қатерін тексерумен қатар, жоғары интеллект ықтималдығы бойынша эмбриондарды іріктеу процедурасын ашық түрде жүргізетін болады. Алайда, генетиктер болжамдардың дәлдігі шектеулі екенін еске салады: қолданыстағы моделдер адамдар арасындағы когнитивті қабілеттердегі айырмашылықтардың тек 5-10% ғана анықтай алады. Орташа есеппен алғанда, мұндай іріктеу IQ-ның 3-4 балын ғана арттырады. Ал биологиялық этика байлардың «генетикалық кастасының» қалыптасу қаупін тудыратынын ескертуде. Берклидегі рационалистердің кей топтары интеллектуалы жоғары балалар болашақта жасанды зердені адами құндылықтарға сай бақылай және басқара алатынын алға тартып отыр. Ал Бенсон-Тилсеннің өзі болашақ данышпандардың АІ қатеріне қарсы адамзаттың алдыңғы шебіндегі қаһармандарға айналатынына сенеді. 

0 пікір
Мұрағат