Технологияның «құрбаны» атанатын адамның үлгісі – фото
Технологияның «құрбаны» атанатын адамның үлгісі – фото
4 ай бұрын 865 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар технологияның әсерінен адамның қалай өзгеретінін көрсететін моделді, дәлірегі, 2100 жылғы болашақ адаманың үлгісін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Смартфон, ноутбук және өзге құрылғыларды ұдайы пайдалану адамды бүкір етіп, миының көлемін кішірейтуі ықтимал. Ғалымдар Минди деп атаған болашақ адамның 3D-моделін әзірледі. Компьютер алдында және смартфонға үңіліп, ұзақ отырғандықтан бүкірейген адамның мойын бұлшықеті шығып кеткен (басты ұдайы еңкейіңкіреп ұстағандықтан), бұдан бөлек, компьютер мен смартфоннан шашырайтын радиациядан қорғану үшін бас сүйегі қалыңдаған, аз қозғалыстан миы кішірейген адамның бейнесі көз алдыңа келеді. Бұған қоса, жүз жылда адамның қолдары да өзгеріске ұшырайды: қалта телефонын және өзге де құрылғыларды ұзақ пайдаланғандықтан қолдарының пішіні мен мен функциясы өзгереді. Никола Жоржевич есімді дәрігер телефонды белгілі бір қалыпта ұстау әдеті байланыстың кейбір нүктелерінде «мәтіндік тырнақ» және «шынтақ 90 градустан төмен» деп аталатын асқынуларға алып келетінін түсіндіреді. Бұл шынтақтың ішкі жағынан өтетін шынтақ нервісінің қысымымен немесе созылуымен байланысты - шынтақты бүгілген күйде ұзақ ұстау кезінде шынтақтың ұйып қалуына, білектің ауыруына және қол бұлшықетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Ең қызығы, көзді экранның зиянды сәулеленуінен қорғауды қамтамасыз ететін қосымша қабақ қалыптасуы мүмкін деген гипотезаны алға тартты. Бұдан басқа, олар смартфондардан радиожиілік сәулелену миға әсер етуі мүмкін, деп болжайды. Ми кішірейсе, адамның конгнитивті қабілеті төмендеп, ақыр соңында ойлау жүйесі нашарлайтын болады.

Раб технологий: учёные представили, как может выглядеть человек в

Así cambiará el cuerpo humano por uso de tecnología

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3