Тігінен ұшып-қонатын инновациялық аппарат құрастырылды (видео)
Тігінен ұшып-қонатын инновациялық аппарат құрастырылды (видео)
12 сағат бұрын 97 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желі қолданушылары жаңа eVTOL-ді ерекше дизайнына байланысты жылдам «ұшатын тәрелке» атап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы China Daily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың Ухан қаласында тігінен ұшып-қонатын (eVTOL) жаңа аппарат жұртшылық назарына ұсынылды. Айрықша модел ұшқанда шу шығармайды, қалалық жерге арналған. 450 келі салмаққа дейін жүкті (адам, бұйым) көтере алады. Жұртшылыққа көрсету кезінде нарыққа шығаралытан түрлі төрт түрлі eVTOL таныстырылды. Олардың арасында салмағы 1,2 тоннаға жуық ерекше дискілі аппарат болды. Сарапшылар оны қытай ғалымдары құрастырған осындай кластағы алғашқы электр eVTOL деп атайды және тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыратын ауа жинайтын жабық роторлары бар өзгеше конструкцияның ерекшеліктерін атап көрсетті.

Гибридті V1000 және медициналық eVTOL

Электрлі аппараттардың қашыққа ұшу қабілетін көтеру үшін инженерлер гибридті V1000 конвертоплан жобасын ұсынды. Ол 1000 шақырымнан жоғары биікте ұша алады және 400 келіге дейін, яғни, салмағы орташа төрт адамға дейін алып ұша алады. Қала ішінде бір зариядпен қуаттаусыз ұша алады. Мұндай прототип осы жылдың орта шенінде сынақтан өтеді. Ал медициналық прототипке келсек, оны “ұшатын шағын жан сақтау бөлімі” деген атауға әбден лайық: ықшам томограф, зімбіл, т.б. алып жүруге ыңғайлы. Мұндай ұшу аппараты құтқару құнын көп төмендетеді. Көп ұзамай қан мен дәрі-дәрмек жеткізу бойынша сынақтан өткізілетін болады.

Мемлекет қолдайтын арзан нұсқалар

Сондай-ақ, шағын бюджетті, яғни, мейлінше арзан әрі оңайлатылған рекреациялық моделмен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, мемлекет инфрақұрылымдық өзгерістерді қолға алады. Азаматтық авиацияның жаңа ережелері жазда күшіне енеді, ал шағын биіктіктегі байланыспен қамтуды 2027 жылға қарай ел аумағының 90% -ға дейін кеңейту жоспарланып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат