Тікұшақ сияқты көтеріліп, авиалайнер секілді ұшатын ұшақ құрастырылды (видео)
Тікұшақ сияқты көтеріліп, авиалайнер секілді ұшатын ұшақ құрастырылды (видео)
2 ай бұрын 375 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ерекше ұшақ сағатына 400 шақырым жылдамдықпен ұшады, алты жолаушыға шақталған және 700 келіге дейін жүкті өзімен бірге алып жүре алады. Бұл жайында islam.kz порталы evtol.news ақпарат көзіне слтеме жасай отырып мәлім етеді. Канадалық Horizon Aircraft инженерлік компаниясы тігінен ұшып-қонатын гибридті ұшақты құрастыруда үлкен жетістікке жетті: Cavorite X7 прототипі алғаш рет «ауыртпалықсыз» тік көтерілуден қанатқа көлбеу ұшуға режиміне өтті. Cavorite X7 сынақ барысында 14 электр желдеткішімен (әр қанатында бес және алдыңғы бөлікте екі) тігінен ұшып, содан кейін көтеру желдеткіштері бар қанатын Fuselej-ге жинап, газ турбина қозғалтқышы мен артқы жағындағы итеру винтімен тиімді көлденең ұшу режиміне ауысты. Осылайша, көптеген бәсекелестер қиындықтарға тап болатын ауысу кезеңінде ақауға жол берілмеді, дірілден болатын қолайсыздыққа ұрынбады. «Біз ауысу режимін барынша жайлы етудің, күрделі механизмдердің орнына көп сатылы қорғанысты артырдық. Нәәтижесінде ұшақ бір қалыпты және қауіпсіз ұшатын деңгейге жетті», - деп түсіндірді аталмыш компания құрылтайшыларынеың бірі әрі бас инженер Брайан Робинсон. Сонымен бұл гибридті шақтың негізгі артықшылықтарына джеке тоқталсақ:

1. Жылдамдық және қашықтық. Cavorite X7 сағатына 400 шақырымға дейін крейсерлік жылдамдықпен қозғалады және 800 шақырымнан аса қашық ұша алады.

2. Гибридтік сәулет. Батареялардағы лифт-желдеткіштер тігінен ұшып көтерілуді қамтамасыз етеді, содан кейін ұшақ энергияны үнемдеп және әрекет ету радиусын ұлғайту үшін газ турбиналы моторға ауысады.

3. Кез келген ауа райында ұша алады. X7 аспаптар (IFR) бойынша да, көрнекі ережелер (VFR) бойынша да сертификаттауға лайық – мұндай артықышылыққа eVTOL алғаш рет ие болып отыр, бұл артықшылық бұлтта да және нашар көрінетін кезде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

4. Жолаушы сыйымдылығы. Алты жолаушы мен ұшқышқа шақталған және тігінен ұшу кезінде 680 келіге дейін және әдеттегі ұшу кезінде 820 келіге дейін жүкті алып жүре алады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3