|
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды
|
Тек Ресей Федерациясы аумағында ғана емес, сонымен қатар, алыс-жақын елдерге де танымал «Лесной бальзам» тіс пастасы «Роскачество-Халяль» мемлекеттік мекемесі тарапынан сертифкаттаудан өтіп, тиісті құжатқа ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде New Retail ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Арнест ЮниРусь» компаниясының бұл өнімі, яғни, аталмыш тіс пастасы Ресейдегі аккредиттелген органда «Халал» сертифкатына ие болған алғашқы косметикалық өнім. Құжат Росаккредитацияның федералды мемлекеттік ақпарат жүйесіне енгізілді. Осы орайда опа-далап өнімдері мен тазалық құралдарының шариғат тлаоаптарына сәйкестігіне қатысты тексеру шаралары қатаң келеді, дәлірегі, күрделі процедурадан өтеді. Сарапшылар тек рецептісі мен шикізат көзін ғана тексеріп қоймай, сондай-ақ, инредиенттердің сақталу талаптарына, өндірістік процесіне, қаптама сапасына, логситикасына, т.б. назар аударады. Сондай-ақ, құжаттар талданады, өндіріс аудиті жүргізіледі, ал өнім үлгілері сапа мен қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес келетіні зертханада тексеруден өтеді. Халал косметикасы мен жеке гигиена құралдарына сұраныс ұдайы өсуде. Әлемдік халал косметика нарығының айналымы 70 млрд доллардан асады және мұндай өнімді мұсылмандар ғана емес, басқа наным-сенім өкілдері арасынан сапа мен қауіпсіздікке айрықша мән беретін тұтынушылар да таңдайды. «Арнест ЮниРусь» компаниясының «Лесной бальзам» брендін басқаратын Тимур Бессолицын халал сертификаты тек құжат қана емес, тұтынушылар сенімін жаулауға көмектесетін стратегиялық қадам екенін мәлімдеді.