|
Түрік ұшқыштарының арасында әйелдер қарасы көбейіп келеді
|
Көп ұзамай Түркиядағы әрбір төртінші ұшқыш әйел адам болады. Мұндай пікірді Түрік аэронавтика қауымдастығы университетінің деканы Осман Қош білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Hurriet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, соңғы екі-үш жылда өзі дәріс беретін оқу орнында ұшқыш мамандығын таңдаған қыздардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Қазіргі уақытта Осман Қош аэробатика факултетінде 36 адамға сабақ береді, олардың үштен бірі - қыздар. Бұрын қыздар негізінен авиацияға жерде жұмыс істейтін кадрларды дайындайтын мамандықтарға түсетін. Қазір жағдай өзгерген.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады