Түріктердің өз танкісі (видео)
Түріктердің өз танкісі (видео)
6 жыл бұрын 4299 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі отандық Altay танкісін шығаруды жоспарлап отыр.  Осылайша ескірген танктерінің 30 пайызын жаңаламақ. Сарапшылардың айтуынша, түріктердің бұл жобасында ешқандай инновация жоқ, көптеген технологиялар шетелдік танктерден алынған. Десе де бұл түріктердің өзі жасайтын алғашқы отандық танкісі болғандықтан қорғаныс саласындағы маңызды қадам саналады. Altay танкісін түріктердің және катарлық BMC жекеменшік компаниясы жасайды. Бұл жайында Defense News ақпарат көзі хабар таратты. Аталған танк Қарасу қаласында құрастырылады. Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, осы мақсатта Түркияның қорғаныс өнеркәсібі ВМС компаниясымен құны 3,5 млрд долларды құрайтын, 250 данасын қамтитын келісім-шартқа отырды. Ал жаппай құрастыруды 2022 жылға жоспарлап отыр.  Altay-дың алғашқы сериясы немістердің MTU MT 883 Ka 501 қозғалтқышымен жабдықталады. Оны Otomotiv Sanayi ve Ticaret A компаниясы құрастырады. Бастапқыда Түркия билігі немістердің немесе австриялықтардың қозқалтқышын пайдаланбақ болған еді. Алайда, 2016-2017 жылдары Германия мен Австрия Түркиямен әскери-техникалық ынтымақтастығын шектеген болатын. Екі елдің бұл қадамы Түркияны 1,5 мың жылқының күші бар қуатты машинаны өздерінің жасауына итермеледі.  Түркия билігі Altay жобасына 500 млн долларға тарта қаражат жұмсап отыр.  Десе де бұл танкінің осы заманғы шынжыр табан әскери ауыр техникалармен салыстырғанда бірқатар кемшілігі бар: атап айтқанда, онда белсенді қорғану кешені қарастырылмаған, яғни, қарсыластың оғын қағып ала алмайды. Екіншіден, басқару толық автоматтандырылмаған. Мәселен, ол қолмен басқарылады. Әскери сарапшылар мен мамандардың сөзіне қарағанда, бұл танкіде қолданылатын технологияның 60 пайызын шетелдік танкілерден көшірген. Мәселен, Altay-дың  төбесі, корпусы, оқтұмсығы және доңғалағы оңтүстік кәрістердің K2 Black Panther танкісін және немістердің Leopard әскери ауыр техникасын еске түсіреді.  Бұған қоса, біздің бұл сөзімізді аталмыш жобаға оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясы қатысатыны растай түседі. Бұдан бөлек, Түркия билігі 2014 жылы шетелдік танкілермен жабдықтауға тендер жариялаған еді. Бір шартпен: барлық техникалық құжатын бірге өткізуі тиіс. Бұл тендерге байланысты АҚШ-тың M1 Abrams, Германия Leopard 2, Украина Т-84 танк өндіріс орындары қатысуға ниет білдірген болатын.

0 пікір
Мұрағат