Ұшатын экран пайда болды (видео)
|

Маркетологтар клиенттерді тартудың өзгеше құралы пайда болғанына айрықша қуанып жүр. Гиннес рекордтар кітабына енген бұл өзгеше экран Қытайдың оңтүстігінде орын тепкен Шенжен қаласында жұртшылық наазарына ұсынылды, деп хабарлайды islam.kz порталы techno.nv.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Осы заманғы дисплей дайындаумен айналысатын Filmbase компаниясы әзірлеген үлкен экранды әуеге көтерді. 72,66 м² аумақты алатын бұл құрылғы жарықдиодты экранмен жабдықталған. Ол тек әуеде қалықтап қана қоймай, сонымен қатар, мейлінше анқта қанық бейнені көрсетеді. Инженерлер мұндай жетістікке қол жеткізу үшін талай жылын срап етіп, маңдай терін төгуге тура келді. Басынан бұл жобаны жүзеге асыру қиындықтарға толы болды – ұшуға кедергі келтірмесі үшін экранды жеңіл әрі сонымен бірге, желден ұшып кетпейтіндей етіп жасау міндеті тұрды. Бұдан бөлек, бейне барынша тұнық шығуы тиіс. Қалыңдығы бірнеше миллиметрге жететін, салмағы шаршы метріне шаққанда небәрі 250 грамм тартатын экран бір сарынды желге төтеп бере алады әрі 300 мың пикселге дейін ажырату қабілетімен анимация мен бейнелерді көрсете алады. Filmbase қолданатын технология қалыпты экрандардан ерекшеленеді. Ол жартылай мөлдір, ауа ағынына кедергі келтірмейді, демек - аз шу шығарады және көп энергия шығынын қажет етпейді. Желмен табиғи салқындатудың арқасында дисплей қызып кетпейді және тұрақты жұмыс істейді. Оны ғимараттарға немесе басқа да объектілерге бекітудің қажеті жоқ. Бұл оны түрлі маркетингтік тапсырмаларға - жарнамадан бастап мәдени іс-шараларға дейін қолайлы етеді




