Ұшатын мотоцикл осы жылдың соңына дейін саудаға шығарылады (видео)
Ұшатын мотоцикл осы жылдың соңына дейін саудаға шығарылады (видео)
2 күн бұрын 163 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

LEO Flight фирмасы ұшу лицензиясын талап етпейтін LEO Solo дербес ұшу аппаратына алдын ала тапсырыстарды қабылдауды бастады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш компанияның хабарламасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көлемі 2 × 2 метр болатын платформа әр бұрышында 12-ден тобымен орналастырылған 48 электр роторымен жабдықталған. LEO Solo сағатына 100 шақырым қашықтықпен қозғалатын аппарат шамамен 15 минутқа дейін ұша алады. Шу шығару деңгейі - 80 децибел. Бейнелеп айтқанда, шаңсорғыштың шу шығару деңгейімен шамалас. Биылдан қалмай тапсырыс берушілерге жеткізілуі мүмкін. Техникалық тұрғыдан келсек, шағын габаритті роторлар кәдімгідей салмақ қосады, сол себепті, аппараттың әуеге көтерілуі айтарлықтай энергияны қажет етеді. Бұл жобаның авторы - көптеген тәжірибеге арналған электрлі қозғалтқыштар жасаумен аты шыққан Пит Битар мен Nagare және Furai тұжырымдамаларын жасауға атсалысқан, Mazda-ның бұрынғы құрылымын әзірлегендердің бірі - Карлос Сәлап.

 

0 пікір
Мұрағат