|
Ұшқышсыз ұшатын Qaher жойғыш ұшағы жазғы сынағын сәтті аяқтады (видео)
|
Иран инженерлері елдің авиация саласының жетістігіне айналған, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтатын, өздері құрастырған Qaher (Қаһарман) ұшқышсыз ұшатын жойғыш ұшағының жазғы сынағының сәтті аяқталғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы parsine.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киш аралында өткен 12-ші Iran Airshow 2024 аэроғарыш көрмесінде Иран авиация өнеркәсібі ұйымының (IAIO) бас директоры Афшин Хажефард жойғыштың алғашқы ұшу сынақтарын сәтті аяқтағанын хабарлады. Иран мамандары әзірлеген бұл ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жобасы 2013 жылдың ақпан айында қолға алынды және қысқа ұшып көтерілуге және қонуға қабілетті, бір адамға шақталған, жасырын Qaher-313 ұшағының түрлендірілген нұсқасы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)