Ұшып бара жатып өзге пішінге енетін робот құрастырылды (видео)
|

Айрықша робот құрастырылды – ұшып бара жатып жерге ыңғайланып өзгеретін. Ең басты ерекшелігі мұндай түрленуге, яғни, трансформация үшін бар-жоғы бір-ақ қозғалтқышты пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Калтех инженерлері жерге қонбай-ақ әуеде пішінін өзгерте алатын трансформер робот құрастырған екен. АТМО (әуеде түрленетін морфобот) деп аталатын ерекше құрылғы кәдімгі төрт винтті дрон секілді ұшады. Роботтың өзгешелігі сонда – моторландырылған шарнигінде: берілген тапсырмаға қарай – ұшуға бейімделу немесе жерде жүруге ыңғайлану режимдеріне ене алады. Бұл тетік роботқа тоқтамай немесе жерге қонбай түрленуіне мүмкіндік береді. Бұл робот негізінде гибридті құрылғы. Басты жетістігі – механикалық бөлігінде емес, интеллектуалды жолмен басқарылуында. Ғалымдар болжамды басқаруға негізделген алгоритм әзірледі, ол роботқа қозғалыстағы өзгерістерді болжауға және нақты уақыттағы траекторияны түзетуге мүмкіндік береді. Бұл артықшылық күрделі аэродинамикалық әсерлер мен турбуленттілік пайда болатын жерге жақын трансформация кезінде маңызды. Бұл құрылғыны жүкті жеткізуде, құтқару-іздестіру опреацияларында, жерді жерді зерттеуде пайдаланылуы мүмкін. Робот түрлі жағдайларға бейімделе алатындықтан қолдану аясы кең.




