Вакансия тәртібі өзгеріп келеді
Вакансия тәртібі өзгеріп келеді
2 сағат бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әдеттегі вакансиялар (жұмыс беруші тарапынан жұмыс орнын ұсынатын хабарламалары) елеусіз қалып барады. Керісінше кейінгі буын жұмыс берушілерді қалай адам жалдау керектігін үйретуде. Енді жұұмыс берушілер тек бір хабарламамен шектеліп қалмай, жұмыс орнының күнделікті көрінісін, барысын, процесін таспаға тартып алып жариялауға көшкен. Ол ол ма, жалақы мен сыйақы, еңбек демалысының ақысының мөлшеріне дейін ашып көрсететін болған. Бұдан бөлек, қандай жеңілдіктер мен бонустар болатынын, сақтандыру мен өзге де жарналар үшін (мәселен, зейнетақы жарнасы) қанша ақша ұсталатынына дейін жіпке тізіп көрсететін әдет шығарған. Жұмыста қандай талаптар қойылатыны да, сынақ мерзімінің қанша уақытқа созылатыны да назардан тыс қалмаған. Бұл жайында islam.kz порталы интернеттегі дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында 1997 жылы өмірге келгендердің қарасы басым. Олардың талғамы мен дүниетанымы да өзгеше. Үй алу үшін жылдап жұмыс істеуді мағынасыз тірлік көреді. Мейлінше арзан, мейлінше қарапайым өмір сүруге, барынша минимализмге ұмтылады. Сол себепті, мансап пен қызмет бабымен жоғарылау, ақшаны көптеп табуға көп бас ауырта бермейді. Мұндац егжей-тегжейлі вакансия таңдау еркіндігін береді: жұмысы барлардың өзі қолайына жағатын жұмысқа ауысыуына мүмкіндік береді. Оның үстіне, Z буыны (1997 жылғы және одан кейін дүниеге келгендер) кезінде цифрлы дәуірдің өрлеуіне байланысты ашықтыққа ұмтылады. Бұған қоса, жұмыс берушілер сәтсіз қабылданған жұмысшының кесірінен шығынға батып жатады. Мұндай тәсіл екі жаққа да (жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіге де) тиімді. 

0 пікір
Мұрағат