Велокөлік сағатына 45 шақырым жылдамдықпен қозғалады (видео)
Велокөлік сағатына 45 шақырым жылдамдықпен қозғалады (видео)
9 ай бұрын 642 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Чехиялық Katanga компаниясы VM45 электр жүк велосипедінің прототипін жетілдірді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұк велисопеді автокөлікті алмастыра алады деген пікір жиі айтылғанымен ол автокөліктердің қалалық жылдамдығына сәйкес келмейтіні айтылады. Ал мына төрт доңғалақты VM45 велокөлігі сағатына 45 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Жеңіл автокөлік корпусы эпоксидті матрицадағы арамид пен көміртекті талшықтардан тұратын композициялық материалдан жасалған. Бүйірінен ашылатын үстіңгі жағы бар құлыпталатын люк кабинаға кіруге мүмкіндік береді. VM45 тізбегі 750 Вт Valeo 7 жылдамдықты қамтамасыз ететін қозғалтқышты қорабын қамтиды. Аталмыш компанияның мәлімдеуінше, ол жылдамдықты сағатына 45 шақырымға дейін арттырады. Қозғалтқыш 48 В/1240 Вт/сағ литий-ионды аккумулятормен жабдықталған. Ол Eco Assist режимінде 255 шақырымға дейін қозғалуға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат