|
Зерттеу: осы заманғы мегаполис тұрғындары 40 жыл бұрынғы қала халқына қарағанда шапшаң жүреді
|
Қаланың қарбалас тірлігі мегаполис тұрғындарының әдетін өзгертіп жатыр. Дәлірегі, уақытта үнемдеу үшін қазіргі қала тұрғындары шапшаң адымдайды. Бұрынғыларға қарағанда. Бұл жайында islam.kz порталы news.mit.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америка құрама штаттарында орын тепкен Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары жаяу жүргіншілер өтетін жолақтағы қала тұрғындарының осы күнгі және әр он жылдағы орташа жылдамдығын салыстырып көрген екен. Америкалық зерттеушілер бұл зерттеуде машинамен оқыту құралдарын пайдаланды. Олардың көмегімен 1980-жылдардағы белгілі урбанист Уилиам Уайттың Бостон, Нью-Йорк және Филадельфияда түсірген бейнежазбаларын талдады. Одан кейін мамандар мұрағат материалдарын сол қалаларда түсірілген жаңа кадрлармен салыстырып көрген екен. Белгілі болғандай, 1980 жылдан бастап 2010 жылға дейін АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы үш қалада жаяу жүргіншілердің орташа жылдамдығы 15% -ға өскен.