|
Адамға ең қауіпті қан тобы анықталды
|
Жапон ғалымдары қаны бірінші топтағы адамдардың ауыр жарақаттан өлу қаупі үш есе жоғары болатынын алға тартып отыр басқа қан тобындағыларға қарағанда. Бұл жайында Critical Care мерзімді басылымында жарияланған аталмыш бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесінде айтылған. Дәлірегі, қаны бірінші топтағылардың ауыр жарақаттан өлу қатері басқа қан тобындағыларға қарағанда орташа есеппен 28%-ға жоғары болып шыққан. Ал зардап шеккен өзге қан тобындағыларда бұл көрсеткіш - 11%. Өйткені, қаны бірінші топтағылардың қаны тез ұйымайтындықтан қан кетуден мерт болады. Яғни, бірінші топтағы қан құрамында плазма гликопротеин мөлшері тым төмен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)