|
Адамнан (эмоциясы) айнымайтын робот құрастырылды (видео)
|
Қытай ғалымдарының табандылығы мен талай жылғы ізденісінің арқасында адамға мейлінше ұқсас робот құрастырылды. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың гуманоидты робототехника индустриясы жаңа кезеңге аяқ басты - басты назар таза өнеркәсіптік қолданыстан (жұмысшы күші ретіндегі роботтан) адамдармен эмоциялық тұрғыдан қарым-қатынас жасай алатын роботтар өндірісіне ауады. Роботтардың аса шынайы тұлғаларын жасаудағы соңғы жетістіктер әлеуметтік желіде интернет пайдаланушыларының назар өзіне аударып, «адамгершілігі» бар роботтар осы сегменттегі коммерциялық табыстың басты факторына айналуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Интернетте қытайлардың AheadForm компаниясының тірі адамнан айырмашылығы байқалмайтын мимикасымен ерекшеленетін Origin V1 роботтары кеңінен талқыланып жатыр. Кіріктірілген жасанды зердемен жабдықталған бұл роботтар қоршаған ортаны бақылауға, болып жатқан оқиғаларға жауап беруге, көзін жыпылықтауға, күлімдеуге және түрлі эмоцияларды көрсетуге қабілетті. Мамандардың пікірінше, өнеркәсіптік міндеттер үшін адам тәрізді роботтар қазірдің өзінде бар, алайда, бүгінгі күннің басты қиындығы - олардың эмоциялық палитрасы жұтаң. Кейбір сарапшылардың пікірінше, мимикасыз роботтар функцияларды, яғни, өзіне жүктелген тарсырманы орындай алады, алайда, тұтыну нарығындағы сұраныстың негізгі факторының үддесінен шыға алмай отыр, дәлірегі, адаммен эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыра алмайды. Қытай компаниялары адамдармен өзара қарым-қатынасын мейлінше табиғи жолмен қалыптастыратын, яғни, мимикасы шынайы көрінетін роботтарды және дер кезінде эмоцияларды имитациялайтын AI технологиясын жұртшылық наазарына ұсынды. Мұндай роботтардың болашағы қозғалысқа емес, эмоциялық қарым-қатынасқа негізделгендіктен, әсіресе, қызмет көрсету саласында төңкеріс тудыруы мүмкін. Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде адам тәрізді роботтар экономикалық құндылықтан гөрі технологияның жетістігін көбірек паш етеді. Индустрия дәл осы бағытта өркендеуде.