Адамның қанша ғұмыр сүретінін айқындайдын ең басты ағза аталды. Ол жүрек емес...
Адамның қанша ғұмыр сүретінін айқындайдын ең басты ағза аталды. Ол жүрек емес...
34 минут бұрын 18 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дәрігерлер адамның ғұмыр жасына тікелей әсер ететін ағзаны атады. Тіпті, оның қызметтерін (функцияларын) өзге ағзалар ішінара болса да алмастыра алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы медициналық деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамдар әлі күнге дейін жүректі адам организімінің ең басты ағзасы деп ойлайды. Бұл түбірімен қате түсінік. Бауырдың организмдегі маңызы жағынан жүректен де асып түседі. Бауыр көптеген күрделі әрі адам өмірі үшін аса маңызды қызметтерді атқарады.  Сонымен, бауырдың негізгі функциялары қандай? Біріншіден, организмнен улы заттарды сүзіп алып, сыртқа шығарады. Зиянды әрі жат әдеттерден, қоршаған ортаның ластануынан адам организіміне жиналатын зиянды заттарды залалсыздандырады. Екіншіден, бауыр өтті синтездеп, энергетикалық қорды немесе ресурсты сақтайды. Үшіншіден, организм дұрыс жұмыс істеуі үшін бауыр биологиялық белсенді заттар мен ферменттерді және гормондарды өндіретін фабрика іспетті. Осының арқасында организм вирустармен, бактериялармен және өзге де денсаулыққа қауіптті микроорганизмдермен тиімді күресе алады. Ғалымдар адам ағзаларының бірі - бауырдың бірегей қабілетінің арқасында өз функцияларын бір ғасырдан астам уақыт бойы орындай алатынын анықтады. Адамның бауыры бір ғасырдан астам уақыт жұмыс істеу қабілетін сақтай алады. Техас университетінің ғалымдары соңғы бірнеше он жыл бойы Америка құрама штаттарында жүргізілген осы ағзаның трансплантациясы туралы деректерді талдағаннан кейін осындай қорытындыға келді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижелері бауырдың адам ағзаларының арасындағы ең жоғары ресурстардың біріне ие екенін көрсетеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында білікті мамандар мен срапашылар 1990-2022 жылдар аралығында АҚШ-та орындалған 250 мыңнан астам бауыр трансплантациясы бойынша операцияларды зерттеді. 

0 пікір
Мұрағат