Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жерлеу жоралғысын ешкім қоршаған ортаға зиянсыз дей алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы loop-biotech.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзат табыт жасау үшін осы уақытқа дейін ағашты пайдаланып келді. Ағаш адамзат үшін маңызы зор ресурс. Атмосферадағы көмірқышқыл газын сіңіреді әрі ағаш қағаздан бастап жиһаз бен құрылыс материалына дейінгі қажетті заттардың шикізат көзі. Екінші жерлеу әдісіне мәйітті өртеу (кремация) жоралғысы ауаға орасан зор көмірқышқыл газын бөледі. Адамды ақтық сапарға шығарып салу кезінде пайдаланылатын мұндай әдістердің қоршаған ортаға тигізер залалын ескерген ғалымдар, дәлірегі, голландық Loop Living Cocoon компаниясы биологиялық тұрғыдан ыдырайтын саңырауқұлақтан табыт жасау арқылы тығырықтан шығудың жолын ұсынып отыр. Патенттелген, авторлығы құжатталған технология мицелидің (саңырауқұлақ жіптерінің) регенерацияға қабілеттілігіне негізделген және қайта өңделген сора талшықтарын пайдалануды ұйғарады. Осының арқасында бар-жоғы бір апта ішінде биологиялық тұрғыдан ыдырайтын табыт өсіруге болады – ол қайтқан кісіне жер қойнына тапсырғаннан кейін бір жарым ай ішінде толығымен ыдырап, топырақты қоректік заттармен байытады. Технология кәдімгі табыттарды жасау кезінде пайдаланылатын зиянды химикаттардан, желімдерден және металдардан толық бас тартуға мүмкіндік береді. Пілләға ұқсас саңырауқұлақ табытын жерлеу сәтіне дейін құрғақ, желдетілетін үй-жайда сақтауға болады. Стандартты табыт сияқты оның да алты тұтқасы бар және оны механикалық көтергіштермен және арқанмен алып жүруге немесе көтеруге болады. «Пілләның» көлемі сыртынан - 216 х 75 х 45 см, ішінен - 195 х 58 х 35 см, бұл өлшем ересек адамдардың 95% мөлшеріне сәйкес келеді; салмағы - 30 келі (кәдімгі табыт орташа алғанда 110 кг шамасында) тартады. Саңырауқұлақ табыты ұзақ мерзімге шыдайды, берік, гидроизоляцияға төзімді және салмағы 200 келіге дейінгі денені тасымалдауға шақталған.

Loop Living Cocoon

Loop Living Cocoon

 

0 пікір
Мұрағат