Әлемде алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
Әлемде алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
19 сағат бұрын 160 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Норвегиялық Flocean стартабы 2026 жылы ел аумағындағы Мунгстад қаласында суды тұшшыландыру үшін әлемдегі алғашқы коммерциялық суасты қондырғысын іске қосуға дайындалуда. Бұл жайында islam.kz порталы Shazoo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға әрі су тапшылығының артуына байланысты көкейтесті мәселеге айналған бұл тараптағы операцияны мұхит түбіне ауыстыра отырып, компания шығындарға, экологиялық зиянға және стандартты жерүсті су тұшшыту қондырғыларымен байланысты энергия тұтынумен байланысты проблемаларын шешеді. Flocean технологиясы кермек татитын теңіз суын ауызсуға айналдыра отырып, 300-600 метр тереңдікте жұмыс істейді. Суастындағы қондырғының іргелі инженерлік артықшылығы - мұхиттың табиғи қысымын тұшшыландыру үшін пайдалануды қамтамасыз етеді, бұл әдіс әдеттегі жерүсті қондырғыларымен салыстырғанда энергия тұтыну деңгейі мен процесс барысында атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін 30-50% -ға төмендетеді. Бастапқыда Flocean One күніне 1000 текше метр тұшшы су өндіретін болады, ал модулдік сәулет өндірісті күніне 50 000 текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Әлем тұшшы судың өткір дағдарысымен бетпе-бет келіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем халқының жартысы тұшшы су тапшылығын тартуда, ал 2030 жылға қарай тұшшы суға сұраныс ұсыныстан 40% -ға асып түседі. 200 метрден төмен тереңдікке күн сәулесі жетпейді, ал бұл ерекшелік фотосинтезді тоқтатады, нәтижесінде бактериялар мен органикалық ластаушы заттардың азайып, су таза болады. Бір мезгілде үлкен гидростатикалық қысым табиғи түрде суды тұшшыландыру мембраналары арқылы итеру үшін қажетті күшті қамтамасыз етеді. Жаңа тәсіл қуат бірлігіне шаққанда нақты шығынды 7-8 есе төмендетеді әрі жағалауда 95%-дан аз аумақты алады. Бұдан бөлек, теңіз экожүйесі үшін су тұшшыландыратын инфрақұрылымды алдын ала тазалау жұмысын 60% азайтады, сондай-ақ, айналасында улы заттар бөлмейді. Әрбір модулды капсула күн сайын шамамен 37500 адамды тұшшы әрі таза сумен қамтамасыз етеді. Жартылай өткізгіштерден бастап дата-орталықтарға және пайдалы қазбаларды өндіруге дейінгі суды көп қажет ететін салалар барған сайын су тапшылығын тарта бастайды. Оларға тезірек таратуға болатын, арзан тұратын және неғұрлым тұрақты жұмыс істейтін жүйе қажет. Мұндай өндіріс процестерін суасты тұшшыландыру қондырғылары қамтамасыз ететін болады.

0 пікір
Мұрағат