|
Әлемдегі ең мықты биологиялық материал табылды
|
Портсмут университетінің ғалымдары өнеркәсіп саласында төңкеріс тудыратын жаңалық ашты. Ғалымдар әлемдегі ең мықты биологиялық материал тапқандарын мәлімдеп отыр. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі Royal Society басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Бұрын ең мықты табиғи материалға өрмекші жібі жатқызылып келген болатын. Ендігі жерде ғалымдар «теңіз мәзірі» атанып кеткен (Patella vulgata) титімдей ұлу (жұмсақ денелі, омыртқасыз, сауытты жәндік) тісін ең мықты биологиялық материал болып табылатындығын алға тартып отыр. Өрмекші жібінің үзілу шегінің мықтылығы 1,3 ГП-ға дейін жетеді. Ал ұлу тісінің мықтылығы 4-тен 6,5-ке дейінгі ГП-ға дейін жетеді екен. Айта кетейік, Patella vulgata ұлуы теңіз түбінде тіршілік етеді.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)