Алжу ауруына ұшыраған науқастың дертке шалдыққан сәтінен бастап қанша өмір сүретіні айтылды
Алжу ауруына ұшыраған науқастың дертке шалдыққан сәтінен бастап қанша өмір сүретіні айтылды
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяудағы статистикалық зерттеу алжу ауруынан (Альцгеймер) зардап шегетін науқастың ықтимал өмір сүру жасын нақтылады. Бұл жайында islam.kz порталы The BMJ басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу паиценттің өзіне нақтырақ дианоз қоюға, науқастың жақындарына ауру аадамды күтудің ерекшелігін анықтауға, т.б. көмектеседі. Хабарламада айтылғандай, бұл бағыттағы зерттеу барысында 1984 жылдан 2024 жылға дейін жиналған 5,5 миллионнан астам адамның деректері талдаудан өткізілген екен. Ғалымдар деменция диагностикасынан кейінгі өмір сүру ұзақтығы диагноз қою кезіндегі жас, жынысы және ақыл-есінің кемдігі сияқты факторларға байланысты айтарлықтай өзгеретінін анықтады. Диагноз қойылғаннан кейінгі орташа өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 80 жастағы еркек науқастарда 2,2 жылды құраса, 60 жас шамасындағы  әйелдердебұл көрсеткіш  8,9 жасқа дейін ауытқыды. Ал нақтырақ тоқталсақ, зерттеу нәтижесі деменция диагнозы 85 жастағы адамдар үшін ықтимал өмір сүру ұзақтығын екі жылға, 80 жастағылар үшін үш-төрт жылға және 65 жастағылар үшін 13 жасқа дейін қысқартатынын көрсеткен. Дегенмен, бұл болжамның өзі науқастың ауруының асқыну деңгейіне, клиникалық сипатына байланысты өзгеруі мүмкін. Бір қызығы, өзге құрлықтағыларға қарағанда, Азия аймағында осындай дертке шалдыққандардың ғұмыры ұзағырақ болып келетіні белгілі болды. Осы орайда жыл сайын  күллі әлем бойынша шамамен 10 млн адамға алжу диагнозы қойылады. 

0 пікір
Мұрағат