Америка армиясы «ұшатын мотоциклге» отыратын болды
Америка армиясы «ұшатын мотоциклге» отыратын болды
9 жыл бұрын 4108

АҚШ-тың Қорғаныс министерлігі ховербайк өндірісімен шұғылданатын MalloyAeronautics компаниясымен келесімшартқа отырды. Жаңа көлік түрін америка армиясы пайдаланатын болады. MalloyAeronatics инженерлері өздерінің Kickstarter жобасына АҚШ-тың Қарулы күштері мүдделілік танытатынын күтпеп еді. Алайда, фактінің аты факті: үкімет аталмыш компаниямен келісімшартқа отырып, ұшатын мотоцикл өндірісіне қаржы бөлетін болды. Біріншіден, ұшатын мотоцикл тікұшаққа қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Бұған қоса, ховербайк қала ішінде ұрыс салуға қолайлы көлік: мәселен, джип өте алмайтын тар көшелерде маневр жасай алады. Мұндай құралды дрон секілді қашықтан да басқаруға болады. Оның үстіне, ховербайк қауіпсіз көлік түрі болып табылады. Оның винт-қанаты пластинмен қапталған. Ұшқыш басқару тетігінен немесе мүмкіндігінен айырылып қалған жағдайда оның айналып тұрған винт-қанаты ешкімді жараламайтын болады.

«Reuters» ақпарат ресурсының тілшісіне осынау «аэроциклді» жасаушылар оны құтқару операцияларында және жүкті жеткізуде пайдалануға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, барлау қызметінде, аумақты бақылауда да пайдалануды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат