Ақпаратты мұзда сақтау жолдары қарастырылып жатыр
|

Бейжің технологиялық институтының (Қытай) ғалымдары кәдімгі мұз негізінде тәжірибелік деректер жинақтау технологиясын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар судың қатуы кезінде пайда болатын газ көпіршіктерінің пайда болу тетіктерін зерттеді. Ғалымдар бұл процесті басқарудыңң жолын тапты. Енді олар өз білімдерін іс жүзінде қолданып көрмек. Су мұзға айналғанда және онда еріген газдарды сығылғанда көпіршіктер пайда болады. Бұл үдеріс судың қату жылдамдығына байланысты жүреді. Егер суды қабаттап мұздататын болса, онда әрбір қабатта өзінің бірегей көпіршік жиынтығы түзіледі. Тәжірибе жасауға арналған қондырғыда дәл осындай процесс жүреді - онда мұздың тік пластинасы қалыптасады, оның әрбір қабатын -15 ºC -35 ºC температурада мұздатуға болады. Ғалымдар бұл тарапта жұмыртқа тәрізді немесе ине тәрізді көпіршіктерді бір қабаттың өзінде жеке-жеке ала алатынына, сондай-ақ, мүлдем көпіршіксіз мұз жасай алатынына көз жеткізді. Әрбір қабаттағы мұндай комбинациялар саны - ақпаратты кодтаудың кілті. Көпіршік кодын камераның көмегімен белгілеу және арнайы бағдарламалық жасақтамамен тану қиын емес. Тәжірибе барысында ең жақсы нұсқа - екілік код екені анықталды, оның көмегімен мұзда ең ұзақ хабарламаларды жазуға болады. Мұндай бірегей технологияның ең басты артықшылықтары – арзандығында, яғни, көп шығынды қажет етпейді ақпаратты сақтау үшін. Дегенмен, мұзда ақпаратты ұзақ сақтау технологиясы кеңінен қолданыла қоймас, алайда, мұндағы ең қызығы – мұздағы көпіршіктерді басқару технолгиясында болып отыр. Бұл технология өз кезегінде қатуға қарсы өзге мұз конструкцияларын жасауға мүмкіндік береді.




