Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасов көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандар үшін SMART-тақия жасады, деп хабарлайды Baq.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
|
Ақтаулық оқушы көзі көрмейтін жандар үшін SMART-тақия жасады (фото)
|
Оқушы бұл іске бір айға жуық уақытын жұмсаған.
«Тақияда қарапайым ұялы телефоннан алынған қозғалыс датчигі бар. Ол дірілдеткіш моторға (вибромотор) сигнал береді. Адам жүрген кезде тақиядағы сенсорлар алдағы кедергілерді қарап отырады. Қандай да бір кедергіні байқағанда SMART-тақия дірілдей бастайды. Содан кейін тақиялы адам тиісті жағына бұрылып, қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жоба Ардуино микроплатасында жасалды. Менің осы жобам көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға көмектесе алады деген үміттенемін» , - дейді жас өнертапқыш.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)


